Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты

Жамбыл полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтарда Қордай ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Әйел белгісіз тұлғаның дүкеннің терезесін сындырып кіріп, кассадан 70 мың теңге көлемінде ақша қаражатын, сондай-ақ 10 электронды темекі блогы мен темекіні жылытуға арналған 5 құрылғыны ұрлап кеткендігі туралы хабарлады.

Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотты болған Қордай ауылының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру