Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ҚАЖ мекемелерінде тыйым салынған заттарды өткізудің 13 дерегі тіркелді

Маңғыстау облысы ҚАЖ мекемелерінде тыйым салынған заттарды өткізудің 13 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау, жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ, қылмыстардың анықталуын, жолын кесуді, алдын алуды және ашылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің жедел тобы 2022 жылдың 12 айында мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу бойынша 13 дерек анықтады. 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

2022 жылы қаңтар айында жедел ақпаратты тексеру барысында қамауда отырған тұлғаға арналған сәлем-сауқат ішінен мекемеге алып кіруге тыйым салынған заттар табылған. Нақты айтқанда, сабынның ішіне жасырылған бір телефон мен оған қоса SIM-карта табылды. Сәлем-сауқатты алып келген азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құжат Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Нәтижесінде соттың шешімімен азаматшаға ескерту беріліп, тәркіленіп алынған заттар мемелекет пайдасына өндірілді.

Бұл бір ғана дерек. Жыл басынан тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға әкелінген сәлем-сауқат арасынан қызметкерлер 14 телефон, 15 SIM-карта, 3 флеш-карта, сонымен қатар, 420 мың теңге ақша, 9 граммнан астам гашиш, 170 дана трамадол таблеткасын тауып, тәркілеп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру