Абай облысында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 492 шетелдік жауапқа тартылды
Абай облысында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 492 шетел азаматы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері заңсыз мигранттардың болуы мүмкін жерлерде тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Мәселен, өткен жылы шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 492 шетел азаматы, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 527 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын тартқаны үшін Қазақстан Республикасының 46 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.