Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Шымкентте көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-12 қаңтар күндері аралығында Шымкентте ауа райы күрт суытып, 25-30 см биіктікте қалың қар түсті. Аяз салдарынан 4 күн ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 18 адам дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізіліп, 77 көлік жүргізушісіне материалдық шығын келтірілді. Қаза тапқандар жоқ. Жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматтарға қатысты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеп жатыр. Полицейлер тізгіндеушілерге барынша көмек көрсетіп, жол қозғалысын реттеуге жұмыла күш салып жатыр.

Шымкентік сақшылар жүргізушілерді тайғақ жолда жылдамдықты асырмауға және жол ережелерін бұзбауға шақырады. Жазғы дөңгелектерді ауыстыруды, алыс сапарға шықпауды қатаң ескертеді. Шаһар ахуалы Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау инспекторларының жіті назарында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру