Маңғыстауда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды
Маңғыстауда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтар күні сағат 22:35 шамасында Мұнайлы ауданы Атамекен елді мекеніндегі жолдардың бірінде Lada 21723 көлігін тоқтатылды. Жүргізушіні тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталды.
Одан бөлек, 2020 жылы ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабымен үш жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.