Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД бастығы Көкшетауға іссапармен барды

Көліктегі ПД бастығы Көкшетауға іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев жұмыс сапарымен Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне барды. Онда желілік бөліністің 2022 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылып, 2023 жылға арналған басым міндеттер айқындалды. Кеңес жұмысына Көкшетау көлік прокуроры А.Данағұл, сондай-ақ полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Жиынды ашқан Бақытжан Малыбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауының негізгі бағыттарын жеке құрамға жеткізді. Сондай-ақ, ІІМ жұмысты бағалау критерийлерін қайта қарау, полиция қызметіне цифрландыру мен дебюрократизацияны енгізу, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылдап жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Ол полицейлердің жұмысы, ең алдымен, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталуы керек екенін атап өтті. Яғни бұл полицияның клиентке бағдарланған моделіне көшу тәсілі. Бұл ішкі істер министрлігінің бізге міндет етіп қойған нақты ұстанымы.

2022 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары туралы Көкшетау станциясындағы ЖПБ бастығы Ғани Асанов баяндама жасады. Ол 2022 жылы ЖПБ-да тіркелген қылмыстар саны 30%-ға төмендегенін атап өтті. Бөтеннің мүлкін ұрлау саны 11,8%-ға азайған. Сондай-ақ, жасалған ауыр қылмыстарды 66,7%-ға төмендетуге қол жеткізіліп, оларды ашу 100% құрады.

Жұмыс кездесуі барысында Бақытжан Малыбаев Көкшетау қаласы әуежайы мен теміржол вокзалындағы және Бурабай-Курорты станциясындағы желілік бөлімшелердің де жұмыс жағдайларымен танысып, модернизациялау мәселелерін талқылады.

Басқосу соңында ведомство басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауы бойынша бірқатар міндеттерді белгілеп, қызмет көрсетілетін учаскеде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру