Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері тиісті құжатсыз мал тасымалдауға қатысты мәселелерді көтерді

Қостанай облысының полицейлері мен ветеринариялық инспекция қызметкерлері тиісті құжатсыз мал тасымалдауға қатысты мәселені көтерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл проблема “дөңгелек үстел” аясында талқыланды, онда Қостанай облысының аумағы бойынша тиісті құжаттарсыз мал тасымалдауға қатысты мәселелер көтерілді. Үй жануарларын тасымалдау ережесін бұзу ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.Полицейлер Қостанай облысының ветеринариялық қадағалау комитеті мен ветеринария басқармасының қызметкерлерімен осындай бұзушылықтар фактілерін анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу қажеттігіне назар аударды.

– Өткен жылы ғана тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 352 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 207 фактіні полиция қызметкерлері анықтады. Өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 млн теңгеден асты. Жергілікті жерлерде анықтама беретін ветеринарлық дәрігерлердің бақылауын күшейту қажет. Бұл үдеріс қатаң сәйкестікте болуы тиіс, өйткені малды немесе етті құжаттарсыз тасымалдауды анықтаған кезде қылмыстың басталуына мұқият тексеру жүргізілетін болады, – деп атап өтті криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Шәріпов.

Полицейлердің пікірінше, мұндай шаралар ұрланған малды анықтауға әсер етеді, сондай-ақ облыс нарығына қылмысқа қатысы бар ет өнімдерінің шығуына шектеу қояды.

Жалпы, полицейлер ветеринариялық қызметтермен бірлесіп бірқатар іс-шаралар, профилактикалық рейдтер мен ауыл тұрғындарымен әңгімелесуді жоспарланған. Олар қажетті нәтиже беруі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру