Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ойын автоматынан ақша ұтып алдыңыз”: Риддер тұрғыны алаяққа алданып қалды

Риддердің кафе-барларының бірінде мекемеге келуші жергілікті тұрғынды көлемді сомаға алдап үлгерген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, Тәуелсіздік даңғылында орналасқан барда 39 жастағы риддерлік ойын автоматынан ақша ұтып алдыңыз деген жалған SMS жіберіп, 45 жастағы жәбірленушіге тиесілі 108 мың теңгені иемденген.

Полиция қызметкерлері қаскөйді тауып  ұстап, Риддер қаласы ПБ-ға жеткізді. Жауап алу кезінде ер адам кінәсін мойындаған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтаратпау таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру