Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кәсіп бастаймын деген тұрғын 1,6 млн теңгесінен айырылды

Шымкентте кәсіп бастаймын деген тұрғын 1,6 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азаматша келіп, мемлекет тарапынан 5 млн теңге алып беремін деп, сеніміне кіргенін, осылайша алаяқтық жолмен алдын ала 1 млн 600 мың теңге алып кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің ізін суытпай тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Жоғары білімді, уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған.

Тергеу кезінде ұсталған азаматша ойланбай жасаған әрекетінің соңы қылмыстық жазамен аяқталатынын білмегендігін алға тартып, бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі кезде күдікті алған ақшаны жеке басының пайдасына жаратып жіберген. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру