Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдарға мыңға жуық нұсқама берді

СҚО полицейлері жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдарға мыңға жуық нұсқама берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыс мезгілінде жолдарды қардан тазарту – қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ақпараты бойынша, күн сайын ауа райына байланысты облыстағы жолдарды тазалауға 50-ден 300-ге дейін арнайы техника шығады.

Қолайсыз ауа райы жағдайында полицейлер төтенше жағдайларға жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Тәртіп сақшылары «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі ұйымдармен тұрақты байланыста болады.

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері жолдардың, жол құрылыстарының және теміржол өткелдерінің қыс кезінде күтіп-ұсталуын тұрақты негізде қадағалауды жүзеге асырады. Қыс мезгілі басталғалы жолдарға 613 зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жолдар мен жол құрылыстарының иелеріне кемшіліктерді жою туралы 941 нұсқама берілді. Жолдарды қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 56 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын көлік құралдарын жолдың шетіне қалдырмауға шақырады, себебі бұл қардан тазарту жұмыстарын қиындатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру