Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 8 тұрғынды алдаған алаяқ УҰИ-ға қамалды

Қызылорда облысында 8 тұрғынды алдаған алаяқ УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алаяқтықтың алдын алу мақсатында құқық қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізіп жатыр. Мәселен, Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне қаланың 8 тұрғыны алаяқ әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.

Жәбірленушілерден белгісіз азаматша қаңтар айында қала аумағындағы университеттердің біріне магистратураға оқуға түсіріп беремін деп сенімге кіріп алдап, 8 жәберленушіден жалпы 2 589 000 мың көлемінде ақша алған. Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған 21 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру