Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын көлік жуу орнынан телефон ұрлаған

Елордалық тұрғын көлік жуу орнынан телефон ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік жуатын жерді жалға алушы полицияға жүгініп, жұмыс орнында оның Huawei телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Ер адамның айтуынша, ол телефонды ресепшннің жанындағы үстелге қалдырған. Біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткенін көрген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа 33 жастағы келушінің қатысы бары анықталды. Қараусыз қалған ұялы телефонды байқаған ол, бөтеннің мүлкін алып, қашып кеткен.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адам кінәсін толық мойындады, заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру