Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының қоғамдық көліктерінде шетелдік азамат ұрлық жасап жүрген

Алматының қоғамдық көліктерінде шетелдік азамат ұрлық жасап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – көрші елдің азаматы, 1974 жылы туған А.есімді азамат.
Шамамен 08:10 кезінде 30-бағыттағы қоғамдық көлікте қаскүнем 19 жастағы жолаушының қалтасынан Huawei телефонын жасырын ұрлап кеткен. Күдіктіні қылмыс орнында арнайы топ қызметкерлері ұстады. Ұрланған мүлік күдіктінің өзінде болған. Заттай айғақ тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Алмалы аудандық ПБ тіркеген қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру