Алматыда заңгер күрделі қылмысты ашқан тергеушілер тобына алғысын білдірді
Алматыда заңгер күрделі қылмысты ашқан тергеушілер тобына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адвокат Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың атына жазған хатында ризашылығын білдірді.
– Құрметті А.Заппаров, мен сізге, ал сіздің атыңызда ҚТҚҚТБ бастығы Ирина Литвиненкоға және ҚТҚҚТБ тергеушісі, полиция қызметкері Арыстан Әділге ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына (Қорқытып алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді сәтті, объективті және кәсіби түрде жүргізгендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Тергеушілер процеске қатысушылардың барлығынан егжей-тегжейлі жауап алды, барлық ұсақ-түйектерге мән берді. Қылмысқа қарсы күрестегі кәсіби жетістіктері және Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы қызметкерлерінің лайықты үлгісі басқа полиция қызметкерлерін аса ауыр қылмыстарды ашуға, кінәлілерді заңды және әділетті жауапқа тартуға шабыттандырады, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қатысты ел азаматтарының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, – деді, заңгер О.А.Клименко.