Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың жолын кесті

Ұлытау облысының аумағында полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтық қылмысының жолын кесуге, алдын алуға және ашуға бағытталған «Аnti-fraud» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда Жезқазған қаласы ПБ-ның кезекші бөлімнің пультіне Жезқазған қаласында тұратын бір азаматтың алаяқтарға арбауына түскені  туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз адам Жезқазғанның қаласының тұрғынының ұялы телефонына қоңырау шалып, сенімін асыра пайдалану арқылы алдап,  өзін бір республикалық компанияның басшысы ретінде көрсетіп, автокөлікті ұтып алу мүмкіндігін жоғары деген желеумен оның 390 мың теңгеге жуық қаражатын иемденген.

«Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Жезқазған қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция  қызметкерлері Астана қаласында тұратын 22 жастағы азаматты ұстады.

Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру