Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының орман алқабынан заңсыз ағаш кескен ШҚО тұрғыны анықталды.

Павлодар облысының орман алқабынан заңсыз ағаш кескен ШҚО тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысынан заңсыз ағаш кесіп, алып кетпек болған ер адамның жоспары іске аспай қалды.

– Аққулы ауданы, Шақа ауылының маңындағы орман алқабында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады, ол қарағай тұқымының ағаштарын ұрламақ болған. Бірақ ол ойлағандарын жүзеге асыра алмады, өйткені жүкті тасымалдау барысында ұсталды, – деп хабарлайды Павлодар облысы Аққулы ауданы ПБ бастығы Тасқын Бөдиев.

Сол жерде заттай дәлелдемелер табылды және тәркіленді: 3 – КамАЗ автомашинасы, 2 – МТЗ-82/1  тракторы және екі шынжырлы ара. Алдын ала есептеулер бойынша залал шамамен 700 мың теңгені құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру