Ақтөбе облысында мас күйде көлік тізгіндеген 7 жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында жыл басынан бері көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған 7 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпан күні Оңтүстік айналма жолында (Заречный кентінің жаңа көпірі) патрульдік полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушінің басқаруымен Hyundai Accent автокөлігін тоқтаnқан. Тексеру кезінде жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, автокөлікті мас күйде басқарғаны анықталды.
Автокөлік арнайы тұраққа қайылды. Жүргізуші уақытша үстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері полицейлер бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, алкогольдік және есірткілік мас күйінде автокөлігін басқарған 7 жүргізушіні анықтады.