Семейде көлік басқару құқығынан айырылған ер адам жазаланды
Семейде көлік басқару құқығынан айырылған ер адам жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 ақпан күні Семей қаласы ПБ ППБ қызметкерлері қаланы патрульдеу барысында Қаржаубайұлы көшесінде күдік тудырған Hyndai Santafe көлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Анықталғандай, 27 жастағы жүргізуші 2020 жылдың маусым айының 24 күні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылса, 2021 жылдың мамыр айының 15 күні ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-тармағымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған.
Автокөлік құралын басқарған 27 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта көлік айыппұл тұрағына орналастырылды.