Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген азамат жауапқа тартылды
Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Шарбақты ауданының 33 жастағы тұрғыны ВАЗ-21120 автокөлігін мас күйінде жүргізшені үшін ұсталды. Тексеріс барысында жүргізушіден алкогольдің иісі байқалды.
– Сараптама жүргізу кезінде полицияның күдігі расталды, жүргізушінің мас болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты 608-бабтың 1-бөлімі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді, – деді Шарбақты ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы Саян Мұқанов.
Материал сотта қарастырылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші 15 күнге әкімшілік қамауға алынып және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Еске сала кететін жайт, ағымдағы жылдың басынан бастап Шарбақты ауданында 4 жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.