Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында прокуроры пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесті

Қазалы ауданының прокуроры пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы ауданының прокуроры Дарын Әбіш аудандық пробация есебінде тұратын азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында аудан прокуроры осы азаматтарға ҚР үкіметінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кездесуге пробация есебіндегі сотталғандар қатысып, өздеріне тиісті көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Сондай-ақ Қазалы ауданының прокуроры Дарын Елтайұлы азаматтардың әлеуметтік жағдайын, еңбекпен қамтылған-қамтылмағанын, тұрғылықты жерінің бар жоғын, өмір жағдайын зерделеп, қайта қылмыс жасамау керектегін, жасаған қылмыстың өтеуі-жаза екенін түсіндіріп, қабылдауды аяқтады.

– Қазіргі таңда сотталушы болсамда өзімнің алға қойған мақсатымның бар екендігін және де сол мақсаттың орындалатынына көзім жетті. Бүгінгі қабылдауға қатысып, әлеуметтік-құқықтық кеңес бойынша көмек алдым. Сондай-ақ мемлекет тарапынан қосымша қандай көмек берілетінін және ол көмекті алу жолын сұрап білдім. Осындай кездесулерді жиі ұйымдастыратын пробация қызметкерлеріне алғысым щексіз, – дейді есепте тұрған сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру