Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясының сотталғандары «Жақсылық жаса» әлеуметтік жобасына қатысты.

Ақмола қоныс колониясының қызметкерлері сотталғандармен бірге қарттар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандармен тәрбие жұмысының бір бағыты – еңбекке баулу, мекеменің өміріне,  концерттік және әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысу. TEVA фармацевтикалық компаниясы өткізетін «Жақсылық жаса» әлеуметтік жобаларының біріне сотталған әйелдер қатысты. Колония қызметкерлері сотталғандармен бірге ҚҚ «Мейірімді жүрек» қарттар үйінің сырқат қарттарына барды.

– Мұнда сырқаттанған қарттар тұрады. Мүмкін болса, біз аталарымыз бен әжелерімізді дәмді түскі аспен, назар мен қамқорлықпен қуантуға тырысамыз, бұл оларға қажет, – дейді әлеуметтік мекеменің басшысы Ирина Катухова.

Сотталған әйелдер де кездесуге дайындалды.

– Бауырсақтарды қуана пісірдік, тәтті бәліштер жасадық. Бейтаныс адамдар арасында өз өмірлерін өткізуге мәжбүр болған адамдарға, әсіресе туыстары болса қиын. Менің отбасымда әжем бар, біз оны өте жақсы көреміз, сондықтан жалғызбасты қарттарды көру маған екі есе ауыр тиеді, – дейді сотталғандардың бірі. 

Тәттілерден басқа, әйелдер шағын концерт дайындады. Олар сол жылдардағы әндерді шырқады, ал қарттар күлімсіреп, ән айтты.

Соңында сотталған әйелдер TEVA компаниясынан тәтті сыйлықтармен қоса, төсек-орын, дәрі-дәрмектер таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру