Алматыда 29 құқық бұзушылыққа жол берген азаматқа жарты млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Алматыда 22 жастағы жігітке жарты млн теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.
– Біздің бөлімшенің іздестіру бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізді, нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Оның әрекетінде 29 құқық бұзушылықтың белгілері байқалды: ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі – маневр жасау ережелерін бұзу бойынша 27 хаттама, тағы 2 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі – апаттық жағдайды туындату бойынша толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 534 мың 750 теңгені құрады, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.