Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да погон таққан әйелдерге құрмет көрсетілді

Павлодар облысы ПД-да погон таққан әйелдерге құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы Василий Скляр погон таққан қыздарды құттықтап, үй ошағы мен жайлылықтың сақтаушысы бола отырып, олар құқық қорғау жүйесінде ер адамдармен тең дәрежеде қызмет атқаратынын атап өтті. Оларға қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар әйелдер өздеріне адал болып қалады және табиғи даналығын, тартымдылығы мен сүйкімділігін жоғалтпайды. Қатысқан барлық өкілдерге денсаулық, сүйіспеншілік, отбасындағы келісім мен амандық және қызметте табыс тіледі.

Бұдан әрі салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрықтары оқылды. Мәселен, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарындағы жосықсыз қызмет, қызметтегі жоғары көрсеткіштер және 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Ақсу қаласы полиция бөлімінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Сәуле Сағалиева «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» марапатталды. ІІМ Құрмет грамотасымен полиция департаменті аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының психиатр-сарапшысы Айна Ешматованы марапатталды. І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Гүлмира Бейсекеева, Баянауыл ауданы полиция бөлімі штабының аға инспекторы Насима Дүйсембаева және Екібастұз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы Әлия Малдаханова марапатталды.

ІІМ грамоталарына Ақсу қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Жұлдыз Құлгутанова және емханасы бар госпиталінің аға медбикесі Әлия Байкенова ие болды.

«Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен үш полицей әйел марапатталды. Сол бұйрықпен үш қызметкерге алғыс жарияланды. Ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Ішкі істер органдарындағы көпжылдық, мінсіз қызметі, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жас ұрпағын тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты полиция департаментінің грамотасымен Исаева Бибігүл Исаева, Салтанат Бердіқұлова, Әйгерім Калина, Айман Тасқарина және Людмила Яценко марапатталды.

Тәртіп сақшылары қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына шынайылық пен қолдау сөздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен жергілікті эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру