Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар арасында карикатуралық жарыс ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғандар арасында «Шындықпен және әзілмен» тақырыбында карикатуралық жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың көңіл күйлерін позитивті күйге ауыстыра отырып, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, бірлесіп әрекет етуге, өз қабілеттерін еркін көрсете білуге дағдыландыру.

Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар «Күлеміз», «Біз мықты» тренинг жаттығуларына белсенділікпен қатысып, өз қабілеттерін көрсете білді.

– Күлкі – өмірді ұзартады. Сотталғандар арасында көңіл көтеру үшін түрлі шара ұйымдастырамыз. Бұл сотталғандардың бір-біріне деген мейірімділігін артырады. Сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлайды, – деді мекеме психологы Шырын Нұрғалиқызы.

– Бұл жарыс өте қызық, тартысқа толы болды. Шара соңында алған әсерімді өлең жолдарымен бөлістім, – деді сотталушы А есімді азамат.

Қорытындылау барысында белсенді қатысқан сотталған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру