Жезқазған полицейлері мас жүргізушілерді анықтады
Жезқазған полицейлері мас жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция ротосының қызметкерлері бір аптада мас күйінде көлік басқарған екі жүргізушіні ұстады. Жезқазған қаласының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп жатыр.
Жыл басынан бері Жезқазған қаласында мас күйінде көлік басқарған 20 көлік жүргізуші анықталып, жауапқа тартылған.
15 наурызда түнгі уақытта қала көшесінде мас күйінде көлік жүргізген 38 жастағы қала тұрғыны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.