Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған жарнамаға сенген Түркістан тұрғыны 1,8 млн теңгесінен айырылды

Түркістан полицейлері жарнама сайты арқылы ер адамды алдаған Алматы облысының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол жарнама сайттарының бірінен ауа салқындатқыш аппаратын (кондиционер) сату туралы хабарландыруға сеніп, алданып қалған.

Яғни, хабарландыруда көрсетілген нөмірмен байланысып, үш қолданылған, үш жаңа ауа салқындатқыш аппаратын алатын болып келіскен. Тауардың ақшасын алдын ала салған. Алайда қаражатты алған жарнама беруші із-түссіз, байланыссыз жоқ болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,8 млн теңгеден асады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Бұл қылмысты тез арада ашуға Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері мен түркістандық полицейлер жұмылдырылды. Жедел уәкілдер оқиғаның толық мән-жайы мен тұрғынды алдап кеткен адамды анықтау мақсатында шұғыл шараларды іске асырды.

Жәбірленуші ақша аударған есепшоттарды түгел тексеріп, тиісті куәлардан жауап алды. Нәтижесінде жалған жарнама беруші Алматы облысының тұрғыны, бұрын сотталған жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру