Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді

Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды “Іздестіру” операциясын өткізді.

Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар жүргізді.

Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды.

Мысалы, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық бикеш анықталды. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен.

Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру