Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының инспекторларымен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ауылдардың біріне жетіп қалғанда жолдан 100 метр қашықтықта денесінде жарақаты бар бұланды тауып алған. Сонымен қатар оқиға орнынан аңшы мылтығына келетін оқ-дәрінің гильзасы тәркіленді.
Тәртіп сақшылары сондай-ақ оқиға болған жерден автокөлік дөңгелегінің іздерін тапты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.