Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері балаларға жол ережесін үйретіп жатыр

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары балаларға жол ережесін үйретіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтан Ұлытау облысы ПД мектеп оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және қала көшелерінде қауіпсіз әрекет дағдыларын үйрету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бала және бағдаршам» жобасын ұйымдастырды.

Жоба аясында мектеп оқушылары «Менің қаламдағы қауіпсіз жол қозғалысы» тақырыбында суреттер салып, бейнеролик әзірледі. Жезқазған қаласының №1 мектеп оқушылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашық сабақ өткізіп, өз өнерлерін ортаға салды.

– Жол ережесі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, конкурстар, әңгімелер, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолданып жатырмыз. Мұндай іс-шаралар балалардың жол ережесі туралы толық білуіне, әрдайым ережені сақтауға көмектеседі, – дейді Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру