Бурабай тұрғынының алтын бұйымдарын қызының танысы ұрлап кеткен
Бурабай тұрғынының алтын бұйымдарын қызының танысы ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурыз күні Бурабай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Әйел 20-30 наурыз аралығында белгісіз адамдар пәтерден алтын бұйымдар: сырғалар мен сақина ұрлағанын хабарлады. Залал сомасы 750 мың теңгені құрады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады.
Ұрлық қарсаңында ер адам жәбірленушінің қызына қонаққа келіп, кейін жәбірленушіге тиесілі алтын бұйымдарды қала ломбардтарының біріне тапсырғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді.