Ақтөбе облысында үй алмақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалған
Ақтөбе облысында үй алмақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алға ауданы полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Алға қаласының 34 жастағы тұрғыны 2022 жылдың соңында байланыстары бар екеніне сендіріп, әлеуметтік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесе аламын деген сылтаумен төрт жәбірленушіден ақша иемденгені анықталды. Жәбірленушілер қолма-қол ақша берген және банк терминалы арқылы ақша аударған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.