Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлеріне саптық байқау өткізілді

Ертіс өңірінің полицейлеріне саптық байқау өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық стадионда Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ ту және желілік топтардың қатысуымен дәстүрлі саптық байқау өтті. Саптық байқауды департамент бастығының орынбасары Данияр Бек басқарды. Департаменттің басшы құрамы полиция қызметкерлерінің қызмет атқаруға дайындығын, жазғы нысанды киім-кешектердің, қызметтік куәліктер мен жеке жетондардың сәйкестігін тексерді. Саптық бөлімшелер қызметкерлерінің киім-кешектеріне ерекше назар аударылды, өйткені олар алдыңғы қатарда және азаматтармен тығыз байланыста.

– Полиция қызметкерінің сыртқы келбеті бүкіл полицияның беделін көрсетеді. Сондықтан полицейлер сақадай сай болу керек және киім кию ережелерін сақтау керек. Сонымен қатар полицейлер азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және әдепті болуы керек, – деп атап өтті Данияр Бекетұлы.

Сондай-ақ жеке құрамға қызмет атқару кезінде адам мен азаматтың құқықтарын сақтау талаптары түсіндірілді. Тексеру жеке құрамның қызмет атқаруға дайын екенін көрсетті. Қызметкерлер саптық байқауға жауапкершілікпен келді, барлығы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім кию қағидаларының талаптарына сәйкес киінді.

Саптық байқау әскери оркестрдің үнімен салтанатты шерумен аяқталды. Саптық байқау аяқталғаннан кейін полицейлер құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кірісті. Полиция ведомстволық талаптарға сәйкес саптық байқаулар жеке құрамның сыртқы түріне қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім нысанына ауысқан кезде жылына екі рет өткізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру