Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған тұрғын сотталды

Ақтөбе облысының тұрғыны терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, әлі де полицияға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар келіп түсуде. Бұл мемлекеттік құрылымдардың күштері мен құралдарының біраз шығынына алып келеді. Сонымен қатар жалған террористер мұндай қоңыраулардың салдары қаншалықты ауыр екенін түсінбей жатады.

Көліктегі ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімовтің айтуынша, осы жылдың басынан бері департаментте ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша 6 факт тіркелген.

Мәселен, көлік полицейлері Ақтөбе облысының 33 жастағы тұрғынын анықтап ұстады, ол масаң күйде Шұбарқұдық станциясындағы жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің ғимаратында бомба бар екендігін хабарлаған. Жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Ақтөбе облысының Темір аудандық соты құқық бұзушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды және барлық шығындарды өтеуге міндеттеді

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Сонымен қатар жалған террористер сот шешімі бойынша оқиға орнына жұмылдырылған жедел әрекет ету қызметтерінің барлық шығындарын толық көлемде өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру