Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД-да президенттік үшсайыстан жарыс өтті

Қостанай облысының ПД-да президенттік үшсайыстан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнир “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамы филиалының Қостанай мамандандырылған оқу орталығымен бірлесіп өтті.

Біріншілікте 15 қатысушы өз бағын сынады. Олардың ішінде жедел қимылдайтын арнайы жасақ және Қостанай облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері бар.

Жарыс үш кезеңде өтті: МП ату, 60/100 метр қашықтыққа жүгіру, 50/100 метрге жүзу.
Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс полиция департаментінің тирінде өтті. Жүгіруден жарыс облыстық стадионда ұйымдастырылды. Ал жүзуде “Титан” спорт кешенінің бассейнінде өтті. Жарыс қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өткізілді. Жеңімпаз әр жарыстан кейінгі ұпайлардың жалпы санын есептеу арқылы анықталды.

Қостанайда президенттік үшсайыстан жарыс жыл сайын ұйымдастырылады. Олардың негізгі мақсаты-қызметкерлердің физикалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау және Қазақстан Республикасының чемпионатында Қостанай облысы ПД құрама командасын қалыптастыру үшін мықтыларын анықтау.

Қатысушылар чемпионаттың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп. Мұндай іс-шаралар арнайы бөлімшелердің көпсайысын дамыту мен насихаттауда маңызды рөл атқаратынын, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін жетілдіруге мүмкіндік беретінін және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететінін атап өтті.

– Бұл жарыстар көпсайыстан Республика чемпионатына іріктеу болып табылатындықтан, барлық қатысушылар барын салды. Бұл бәсекелестік рухын оятады және жаңа жетістіктерге өсім береді. Мен үшін жақсы нәтиже көрсету маңызды, өйткені республика чемпионатында еліміздің үздік көпсайысшыларымен бәсекелесуге мүмкіндік беріледі, – дейді жарыс жүлдегері ЖҚАЖ аға инспекторы Александр Мантулин.

Жас санаттары бойынша жеңімпаздар:

30 жасқа дейін – Нұрсұлтан Аяжан (ОЖВ)
35 жасқа дейін – Александр Мантулин (ЖҚАЖ)
40 жасқа дейін – Нарболат Ақпасов (ЖҚАЖ)
40 жастан асқан – Марат Мамаев (ОЖВ)

Жарыста қызметкерлері жоғары нәтижелермен ерекшеленді. Илья Кожемяко 11,47 секундта 100 метрді еңсерді, ал Нарболат Ақпасов 97 ұпай жинап, атуда лайықты көрсеткіштерін көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік дипломдармен, медальдармен, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру