Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жоғалған 9 адамды іздеп тапқан

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері жоғалған 9 адамды іздеп тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылы Павлодар өңірінде азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 13 іздестіру ісі басталды.

– Оның ішінде полицейлер жоғалған 9 тұрғынды іздестірді. Полицияға хабарласқандар толық ақпарат бермеген кезде іздеу қиынға соғады. Мысалы, әйелі күйеуінің басқа да қызығушылығы бар екенін, анасы ұлының немесе қызының есірткіге қатысты мәселлер және бұрын бала үйден қашып кеткені туралы айтпауы мүмкін. Осы немесе басқа да маңызды фактілерді білмей, полиция қызметкерлері жалған жолға түсіп, жоғалып кеткен жерді мүлдем іздемеуі мүмкін. Адам жоғалып кеткен жағдайда, ең алдымен, оның беделін емес, өмірін сақтап қалу туралы ойлану керек, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.

Полицейлер еске салады:

Егер сіздің туысыңыз немесе досыңыз үйге оралмаса, бір күн күтудің қажеті жоқ. Дереу полицияға хабарласыңыз. Дүрбелеңге түспеуге тырысыңыз, бірақ барлық мәліметтерді анық және нақты түрде жеткізіңіз. Жақын адамыңыз баруы мүмкін орындар, кіммен байланысады, соңғы маршруттар, соңғы әңгіме тақырыптары жайлы айтыңыз. Фотосуреттерін дайындаңыз. Сіздің жақын адамыңыз қайда және неге кетіп қалуы мүмкін деген болжамдарыңызды алға тартыңыз, білгеніңіздің бәрін жасырмай айтыңыз. Егер бұл ақпараттың барлығы полицияға қысқа мерзімде келсе, адамды іздеу оңайырақ болады. Статистика көрсеткендей, жоғалған адамдардың 90 пайызға жуығы тірі қалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру