Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны көші-қон полицейлеріне алғыс айтты

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері үшін Мамлют ауданы тұрғынының алғыс хаты кәсіби мерекеде жақсы сыйлық болды. Бірқатар қиындықтарға байланысты ол бірнеше жыл бойы азаматтығын растай алмаған және Қазақстан азаматының жеке куәлігін ала алмаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлық қиындықтарды жеке шешу үшін аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкері Сабина Аскапованың қажырлы еңбегі қажет болды.

– Жағдай өте қиын болды, Сабина Серікқызының көмегі бізге ауадай қажет болды. Біз жеке куәліксіз медициналық қызметтерді ала алмай, біраз қиналдық. Осы жылдың ақпан айында біз Сабина Серікқызына тағы да жүгіндік, құжаттарды жинау бойынша кеңес алдық. Барлық қажетті құжаттарды жинап, Сабина Серікқызына тапсырдық, нәтижесінде оң жауап келді. 10 жұмыс күні ішінде біз көптен күткен құжатты алдық, – деп жазды 52 жастағы ауыл тұрғыны.

Алғыс 5 сәуір күні келіп түсті. 1993 жылы Министрлер Кабинеті “Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ереже” №256 қаулысын қабылдады және елдегі паспорт-виза қызметі қайта ұйымдастырылған болатын.

– Кәсіби мереке күні келіп тсүкен алғыс сөздер көші-қон қызметінің барлық қызметкерлері үшін ең жақсы сыйлық болды. Қызметкерлер көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, бұл полиция қызметтерінің құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жалпы жұмысының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі саналады, – деп атап өтті СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ермек Нұсырбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру