Ұлытау облысының бас полицейі жеке құраммен кездесті
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың ішкі істер органдарын реформалау нәтижелері, полиция қызметінің сервистік моделі, қылмыстық процестің үш буынды жүйесінің жұмыс принциптері секілді басты бағыттағы жұмыстардың негізінде Ұлытау облысының полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев жеке құраммен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшысы Жезқазған және Сәтбаев қалаларының полиция жеке құрамымен кездесіп, тәртіп пен заңдылықты сақтау, қызметкерлердің тұрғындармен қарым-қатынаста әдептілік сақтауы, келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы ден қойып, шара қабылдауды тапсырды.
Ішкі істер министрлігі тарапынан қолға алынып жатқан игі бастамаларды жеке құрамға жеткізіп, полиция қызметкерлерінің әдептілігі мен тәртіптілігі Ішкі істер министрлігінің басты бағыттарының бірі екендігін еске салды.
– Облыста құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша еңбек етіп жүрген әр полицейге, жаңадан құрылған өңірде қызмет атқару үшін жағдай жасауға, қызметкерлердің тұрғын үй-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, материалдық-техникалық жабдықтауға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Қайыркен Әлиев.
Кездесуде облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Абылай Ибрагимов және кадр саясаты басқармасының бастығы Алдияр Әбішев жеке құрамға қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі бойынша өз баяндамаларын жасады.