Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда сотталған әйелдер психологиялық ойынға қатысты

Петропавлда сотталған әйелдер психологиялық ойынға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№50 мекеменің сотталған әйелдері арасында эмоционалды, танымдық және қызықты іс-шара өткізілді. Сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері мафия психологиялық ойынын өткізді.

– Мафия ойыны – ұжымның бірігуіне, сондай-ақ өз көзқарасын жеткізуге, әңгімелесушіні тыңдауға және жалпы шешімге келуге бағытталған. Әйелдер екі командаға бөлінді. Бейбіт тұрғындар мен комиссардың алдына мафияны анықтау міндеті қойылды, – дейді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Оксана Вышар.

Үшінші айналымның соңына қарай батыл шешімдер, командалық жұмыс және жағымды атмосфера арқасында бейбіт тұрғындар мафияны жеңе алды.

– Бізге бүгінгі ойын өте ұнады. Раундтардың бірінде мен мафия болдым, бірақ өкінішке орай мені тауып алды. Алайда ол үшін мен иұңаймадым, себебі ойын процесінің өзі өте қызықты болды. Бұл ойында жеңіске жету үшін дұрыс стартегия құру және финалға жету үшін логикалық ойлау қажет, – дейді сотталғандардың бірі.

Мұндай мәдени-бұқаралық іс-шараларды мекеме қызметкерлері жағымды эмоционалды көңіл-күй мен командалық рухты сақтау мақсатында тұрақты негізде өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру