Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық учаскелік полицей пәтер ұрысын «ізін суытпай» ұстады

Елордалық учаскелік полицей пәтер ұрысын «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері аумақты барынша пысықтауды жүргізіп жатыр. Есіл ауданы УПП учаскелік инспекторы Айдар Задабеков әкімшілік учаскені аралау барысында пәтер ұрысын «ізін суытпай» ұстады.

Аумақты аралау кезінде оған қала тұрғыны қоңырау шалып, Арнасай көшесіндегі үйінен алтын бұйымдар жоғалып кеткенін хабарлады. Жағдайды бағалай отырып, учаскелік полиция қызметкері қылмыс жасалған ауданға бет алды. Осы уақытта оған қызмет көрсетілетін аумақта орналасқан ломбардтың сатушысы байланысқа шығып, ер адам келіп, оған алтын сатып алуды ұсынғанын хабарлаған.

Жолда полиция қызметкері мас ер адамды байқады. Оның есепте тұрғаны және бұрын мінез-құлықына ерекше талаптар қойылғаны белгілі болды. Тексеру кезінде ер адам пәтерден алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін мойындады. Қаскүнем үйдің кіреберісіне кіріп, қабатқа көтерілгенде есігі жабылмаған пәтерді байқағаны анықталды. Бұл кезде пәтерде кәмелетке толмаған балалар болған, бірақ олардың байқамай тұрғанын пайдаланып, ол бөлмеге үнсіз кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. 38 жастағы ер адамның елорда аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ол бұрын сотталған болып шықты. Қырағылықтың, кәсібиліктің және қызмет көрсетілетін аумақта халықпен тығыз жұмыс істеудің арқасында учаскелік инспектор қылмысты 20 минут ішінде аша алды.

Айдар Задабеков 5 жылдан бері Пригородный кентінің аумағында қызмет етіп келеді және ауданның барлық тұрғындарын біледі. Учаскелік инспекторлар 24 сағат бойы халықпен байланыста. Үй чаттарында онлайн режимінде де халықпен байланыста болады. Чаттар арқылы өзара іс-қимыл жасау халықтың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді, тұрғындар қоғамдық тәртіпті қорғауда полицияға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік алады.

Учаскелік полицей тұрғындардан чаттар арқылы проблемалар туралы ақпарат алады және оларды жедел шешеді. Мұның бәрі ашықтық, адамдардың өтініштеріне жедел ден қою үшін жасалынған. Мұндай қарым-қатынас елорда тұрғындары мен полицейлер арасындағы байланысты нығайтуға, ұсақ құқық бұзушылықтардың және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру