Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы СҚО-ға барды

ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Садықов СҚО-ға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінен келген криминалистер бастапқы криминалистикалық зерттеулерді өз бетінше жүргізу құқығына ие болу мақсатымен емтихан тапсыру үшін СҚО-ға барды. Облыста ІІМ-нің көшпелі біліктілік комиссиясы жұмыс істеді. Оны жедел-криминалистикалық департаменттің бастығы Серік Садықов басқарды. Емтиханға қатысу үшін СҚО, Ақмола және Қостанай облыстарының криминалистері, сондай-ақ көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері – барлығы 30-дан астам адам келді. Оларға заңнама мен теорияны, саусақ іздерін зерттеу мен суық қаруды зерттеудің практикалық дағдыларын көрсету қажет болды.

Сонымен қатар, өткізілген кеңес аясында Серік Садықов криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын және ІІМ басшылығының тапсырмаларын орындау үшін қабылданған ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі негізгі ережелерді түсіндірді.

Сондай-ақ сапар барысында полиция полковнигі Серік Садықов солтүстікқазақстандық криминалистердің жұмысының ұйымдастырылуын, техникалық жарақтандырылуын және қызмет атқару жағдайын тексерді. Қару-жарақ, қылмыс құралдары, заттай дәлелдемелер мен сот-медициналық жабдықтардың бай жинағы бар сот-медициналық полигон оң бағаға ие болды.

Мұнда Солтүстік Қазақстан университетінің жас қызметкерлерімен және заң мамандықтарының студенттерімен тұрақты түрде сабақтар өткізіледі. Айта кету қажет, Серік Садықов болашақ заңгерлермен кездесу өткізіп, полицияның болашақ кәсіби кадрларын қалыптастыру үшін оқу орнымен жасасқан ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті. Ол кинологиялық қызмет орталығына да барды. Бүгінгі таңда солтүстік аймақ полициясындағы қызметтік-іздестіру иттерінің үшеуі қылмыс орындарынан алынған иіс іздерімен жұмыс жасау желісі бойынша үйретілген және одорологиялық іріктеу жүргізу үшін қолданылып жатыр.

Қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын министрлік өкілі СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновпен кездесуде талқылады. Облыстың бас полицейі қызметтердің заманауи техникалық жарақтандырылуы мен жеке құрамның біліктілігін арттыру қазіргі таңдағы қылмысқа қарсы күресте маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру