Ақмола облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азамат анықталды
Ақмола облысында есірткіге тәуелді ер адам өзгенің көлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам сағат 00:10 шамасында Красный-Яр кентінде белгісіз біреу үй ауласынан еркін кіру арқылы Mitsubishi Space Runner көлігін ұрлап кеткенін хабарлады.
Келтірілген шығын – 1,5 млн теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар адамды, істің өзге де мән-жайын анықтап жатыр. Ер адам нашақор санаты бойынша есепте тұрады. Заттай дәлел, көлік тәркіленді.
Полиция басқармасы аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сондай-ақ қаскүнемге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды.