Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көші-қон полицейлері 10-ға жуық азаматқа құжаттануға көмектесті

Қызылорда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының азаматтық және есепке алу бөлімінің қызметкерлері азаматтығы жоқ адамдар санын қысқарту саласындағы ҚР ІІМ-нің ұйымдастырушылық іс-шара жоспары бойынша бекітілген мемарандумға сәйкес біршама жұмыстар атқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті көші-қон қызметі құрылымдарымен облыс аймағындағы, яғни елді-мекендермен, шаруа қожалықтарында жеке басын куәландыратын құжатсыз және ескі үлгідегі паспортпен 2023 жылы 10 адам анықталып, олардың Қазақстан Республикасының азаматтылығының тиістілігі бойынша құжаттануға көмек көрсетілді. Ал 2022 жылы полицейлер 41 азаматтың құжаттарын рәсімдеуге көмектесті.

Одан бөлек, шет елдерден келген қандас мәртебесін алған этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оларға берілген қандас мәртебесі бойынша жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1 бабымен осы жылы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін (құжаттарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспаған) 9 азаматқа құжаттануға көмек көрсетілді. Өткен жылы 39 азаматқа көмек көрсетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып құжатсыз жүрген азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру