Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік басқарған тұрғындар анықталды

Екібастұзда жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік басқарған тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыспен күресуде жұмысты күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-24 сәуір аралығында “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полицейлер ойын-сауық орындары мен азаматтардың жаппай баратын жерлерінде, базарларда, сауда нүктелерінде, вокзалдарда патрульдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Полиция тек екі тәулікте ұсақ бұзақылық жасағаны, спирттік ішімдіктер ішкені, тыныштықты бұзғаны, абаттандыру ережелерін және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 124 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын нақтылады.

– Мысалы, 10 сәуірде сағат 23.45 шамасында Академик Сәтбаев – Беркімбаева көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері Chrysler көлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 11 сәуір күні сағат 07.30-да Торайғыров көшесінің бойында Ваз 21099 автокөлігін басқарған жүргізуші де осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаға тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол ережелерін сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру