Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбек болған

Семей тұрғыны түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекеме қызметкерлері түзеу мекемесі аумағына тыйым салынған заттардың кіруінің алдын алды. Заң бұзушыны жеке тінту барысында тыйым салынған заттар, нақтылап айтқанда телефон және спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді.

– Мекеме аумағын кешкі барлау кезінде жасырынбақ болған азаматты байқадық. Заң бұзушыны ұстап, жеке тінту барысында скотчпен оралған екі түйіншек тәркіленді. Әңгімелесу барысында күдікті азамат бұл тыйым салынған заттар Рома есімді сотталғанға арналғанын айтты. Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғынына қатысты жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр, – деп түсіндіріп өтті жедел бөлім қызметкері Бақытжан Рамазанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру