Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу кинологтары колледж студенттеріне мастер-класс өткізді

Жетісу кинологтары колледж студенттеріне мастер-класс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылында Талдықорған агротехникалық колледжінде оқу бағдарламасына «Маман-кинолог» қосымша мамандығын енгізу жоспарланған. Колледж басшылығы облыстық полицияның кинологиялық орталығындағы қызметкерлерді өзара іс-қимылға шақырды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға төрт аяқты үй жануарлармен жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін іс жүзінде көрсетті.

Студенттер қызметтік-іздестіру иттерінің есірткі тауып, командаларды бұлжытпай орындағанын, сонымен қатар Орталық қызметкерлері, олардың бірі қылмыскердің рөлін ойнап, қылмыскерді қалай ұстау және айдауылдау керек екендігін өз көздерімен көрді.

– Біздің қызметкерлер өздері бағып-үйреткен қызметтік иттермен бірге қылмыстардың алдын алу және ашу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қылмыскерді құрықтау, атыс қаруын, жарылғыш заттарды, есірткіні және басқа да қауіпті заттарды іздейді. Сонымен қатар иісшіл иттер табиғи апаттардан зардап шеккен немесе жоғалып кеткен адамдарды іздеу кезінде қолданылады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Олжас Тұрарбек.

Қазіргі уақытта кинологиялық орталықта 24 қызметтік-іздестіру иттері бар. Биыл кинологтар оқиға орнына 360 рет шықты. Иттердің көмегімен 37 қылмыс, оның ішінде 3 есірткі қылмысы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру