Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған азамат қолға түсті

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҚР ҰҚК Шекара қызметінен Жібек жолы бақылау бекетінде Белка атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтпекші болған ер адамға белгі бергені хабарланды. Ақпарат алысымен полицейлер күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тексерді. Нәтижесінде шетелдіктің күртешесінің оң жақ қалтасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылды.

Айғақты затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижесі оның марихуана екенін растады. Күдікті орта жастағы Тәжікстан елінің азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру