Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық ЖҚАЖ қызметкері нағыз шынайы айқас бойынша жеңімпаз атанды

Қостанайлық ЖҚАЖ қызметкері “Нағыз шынайы айқас” бойынша республикалық турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 сәуір күні Қарағандыда әлемдік біріншілікке іріктеу аясында “Нағыз шынайы айқастан” республикалық турнир өтті. Біріншілікке 60 келі салмақ дәрежесінде Қостанай облысының ЖҚАЖ қызметкері Сая Әуелбекова қатысты. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Турнир қорытындысы бойынша Қостанай облысының өкілі бірінші орынға ие болып, чемпион белбеуін жеңіп алды. 

Жекпе-жекке үшінші жыл қатысып келе жатқан Сая Әуелбекованың бұл кезекті жарысы. Ол бұған дейін халықаралық және республикалық додаларда үздіктер қатарынан көрінді.

– Турнирге жақсы дайындалдым. Бала кезімнен спортпен шұғылданамын. Мүмкіндігінше барлық жарыстарға қатысып, өз бағымды сынап көруге тырысамын. 8 сәуір күні өткен сайыста қарсыластар лайықты, жақсы дайындалған. Финалда мен өткен жылғы Қазақстан чемпионымен кездестім. Жекпе-жек қызықты болды, – дейді Сая.

Жеңісі үшін Сая Әуелбекова чемпион белбеуін, кубок пен дипломға, сондай-ақ алтын медальға ие болды. Әлемдік біріншілік осы жылдың мамыр айында өтеді. Сая оған қатысатынын және еліміздің намысын сәтті қорғау үшін барын салатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру