Жезқазған полицейлері ұрланған самокатты иесіне қайтарып берді
Жезқазған полицейлері ұрланған самокатты иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қалалық ПБ-ға қаланың 62 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Жәбірленуші әйел түнгі уақытта көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы баспалдақ алаңында самокат қойып, ал таңертең оның жоғалып кеткенін анықтаған. Келтірген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 35 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол самокатты сату мақсатында алғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Ұрланған самокат жәбірленушіге қайтарылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.