Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны уылдырық шашу кезінде бір қап шортанды аулаған

СҚО тұрғыны уылдырық шашу кезінде бір қап шортанды аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап облыс аумағында балықтың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынған. Осы кезеңде табиғатты қорғау полицейлері «Уылдырық шашу» акциясы аясында рейдтік іс-шараларды күшейтті.


Есіл өзенінің жағасындағы Шал ақын ауданында тексеру мақсатында Audi-100 автокөлігі тоқтатылды. Рөлде 59 жастағы жергілікті тұрғын болған. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша материал жиналды.

– Бұл бөлім тыйым салынған мерзімде тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен тыйым салынған орындарда балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жазаны білдіреді. Баптың санкциясы – жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, қабылданып жатқан шаралар табиғи ресурстарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық балық аулау әуесқойларынан уылдырық шашу кезеңінде бұл әрекеттен бас тартуды, балық аулау ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – деп еске салады СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру