Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 2 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 2 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік жүргізушілері заңды бұзатын кез келген әрекетті жасағаны үшін айыппұл алады. Қауіпсіздік белдігі – жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші мен жолаушылар жарақаттарының ауырлығын азайтуға мүмкіндік беретін көлік құралының ең тиімді құрылғысы.

Көлік құралының қозғалысы кезінде қауіпсіздік белдігін елемеу – көлік құралының соқтығысуы немесе кенеттен тежелуі кезінде ауыр жарақат алу қаупін арттырады.

– 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде екі мыңнан астам тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша бекітілмеген қауіпсіздік белдігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белдіксіз көлік жүргізгені үшін 5 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл тағайындалады. Ал айыппұл алғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде жаза қолданылады, – деді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру